Мантаев Данияр Ерлікұлы

    Жамбыл ауылдық округінің әкімі

    Мантаев Данияр Ерлікұлы
    Аким

    Мантаев Данияр Ерлікұлы

    Жамбыл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мантаев Данияр Ерлікұлы 1988 жылдың 1 қазанында Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 2005 жылы Жамбыл ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінің заң факультетіне түскен, 2007 жылы әскер қатарына шақырылып, Ақтау қаласындағы ішкі әскер бөлімінде борышын өтеген. Әскери атағы – кіші сержант. Әскер қатарынан оралған соң оқуын жалғастырып, 2012 жылы құқықтану мамандығын алып оқуды бітірген.

    Еңбек жолын ЖШС «KUZET PRO» -да бастаған. 2013 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман, 2014 жылы бас маман болып ауыстырылған. 2016 жылы Карасу селолық округі әкімінің орынбасары. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 2021 жылы қайта сайланып осы уақытқа дейін Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері