Дәуітәлі Рауан Аманұлы

    Басқарма басшысы

    Дәуітәлі Рауан Аманұлы
    Руководитель управления

    Дәуітәлі Рауан Аманұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1977 жылы туған. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Қазақстан тарихы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Ескелді ауданы Троицк орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. Әр жылдарда Талдықорған қаласында «Алматы облысы әкімінің көркемөнер галереясы» МКҚМ бас есепшісі, Алматы облысының «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» КММ директорының орынбасары, Көксу аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы, Алматы облысы құрылыс басқармасының бөлім бастығы, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.

    2024 жылдың қаңтарынан Жетісу облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері