
Өмірбаян
8-тамыз 1978 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген.
1996-2001 жылдары аралығында Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін Ғалым-агроном және 2016-2018 жылдары аталған оқу орнын Экономика мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 жылдың 19-қарашасында РПБК «Дәуір» ЖШС полиграфиялық комплексінің машинист көмекшісіне қабылдандым. 2004 жылдың 3-ақпанында өз еркім бойынша жұмыстан босатылдым. Қызмет атқарған ұйым Алматы қаласында орналасқан.
2004 жылдың 1-наурызында Балқаш аудандық ауылшаруашылық департаментінің бас маманы лауазымына қабылданып, аталған лауазымда 2005 жылдың 5-қаңтарына дейін қызмет атқардым. Қызмет атқарған ұйым Бақанас ауылында орналасқан.
2005 жылдың 5-қаңтарынан Балқаш аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып ауысып, аталған лауазымда 2006 жылдың 4-қаңтарына дейін қызмет атқардым. Қызмет атқарған ұйым Бақанас ауылында орналасқан.
2006 жылдың 4-қаңтарынан бастап Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстым, аталған лауазымда 2010 жылдың 1-қазанына дейін қызмет атқардым. Қызмет атқарған ұйым Бақанас ауылында орналасқан.
2010 жылдың 1-қазанынан бастап Балқаш аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына ауысып, 2011 жылдың 26-желтоқсанына дейін қызмет атқардым. Қызмет атқарған ұйым Бақанас ауылында орналасқан.
2011 жылдың 26-желтоқсанынан бастап Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына ауысып, 2016 жылдың 19-қыркүйегіне дейін қызмет атқардым. Қызмет атқарған ұйым Бақанас ауылында орналасқан.
2016 жылдың 19-қыркүйегінен бастап Бақанас ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы лауазымына ауысып, 2016 жылдың 18-қарашасынан бастап Бақанас ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалдым. Аталған лауазымда 2020 жылдың 3-қыркүйегіне дейін қызмет атқардым. Қызмет атқарған ұйым Бақанас ауылында орналасқан.
2020 жылдың 4-қыркүйегінде Балқаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалдым және қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда қызмет етіп келемін. Қызмет атқаратын ұйым Бақанас ауылында орналасқан