
Сәдуақасов Айбек Сәдуақасұлы
Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Өмірбаян
Сәдуақасов Айбек Сәдуақасұлы, (бұрынғы тегі Бекенов Айбек Сәдуақасұлы, кәмелет жасқа толған кезде тегін ауыстырған) 1985 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келді. Ұлтым – қазақ.
1991 – 2002 жылдар аралығында Тереңөзек кентіндегі №35 Иса Тоқтыбаев атындағы қазақ орта мектебінде оқыды
Еңбек жолы.
2005-2010 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды.
15.08.2005 - 24.01.2007 жылдар аралығында Қызылорда қаласында «Күзет» мамандандырылған бөлімшесінде күзетші.
01.02.2007 - 01.07.2007 жылдар аралығында Қызылорда қаласында «Аппак и К» ЖШС – де күзетші.
10.08.2007 - 16.07.2009 жылдар аралығында Қызылорда қаласында «Құрық – 1» ЖШС – де күзетші.
01.11.2009 - 16.01.2012 жылдар аралығында Қызылорда қаласында «Semser security» ЖШС – де аға күзетші.
01.06.2012 – 01.10.2012 жылдар аралығында Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде жастар тәжірибесінен өтті.
02.10.2012 - 30.07.2013 жылдар аралығында «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» ММ – де бағдарламашы қызметінде жұмыс атқарды.
30.07.2013 - 15.03.2016 жылдар аралығында «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» ММ – де инспектор қызметінде жұмыс атқарды.
15.03.2016 – 19.04. 2021 жылдар аралығында «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» ММ – де әдіскер қызметінде жұмыс атқарды.
20.04.2021 жылдан бастап Сырдария аудандық мәслихат аппаратының персоналды басқару қызметі және құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бас маман қызметін атқарып келеді.





