
Майшыбаев Әуелбек Батырбекұлы
Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1977 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академисын тәмамдады. Мамандығы -инженер - механик.
Еңбек жолын "Ордабасы-құрылыс" ЖШС МТС менеджер болып бастады. 2004-2011 жылдары аралығында "Ордабасы-Құрылыс" ЖШС жабдықтау жөніндегі маман, директордың орынбасары, директор, "Қазпошта" АҚ филиалы әкімшілік-экономикалық басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді.
2012 жылдың қараша айынан бастап - "Қазпошта" АҚ Алматы өңірлік филиалының бастығы.
2014 жылдың маусым айынан бастап - "ТехноСтройКонтроль" ЖШС директоры.
2016 жылдың шілде айынан бастап - Алматы облысы әкімі аппаратының "Шаруашылық басқармасы" КММ директорының орынбасары.
2018 жылдың мамыр айынан бастап - "Prime Capital Real Estate" ЖШС заңгері.
2019 жылдың ақпан айынан бастап- "Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің" бас маманы.
2019-2021 жылдары - "Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап - "Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысы.