
Руководитель
Нұрмолдин Дулат Нұрахметұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Өмірбаян
Туылған күні: 1967 жылы 12 маусым
Туылған жері: Солтүстік-Қазақстан облысы
Білімі, мамандығы:
1) Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылық институты (инженер-гидротехник);
2) Москва қаласындағы заманауи гуманитарлық институты (құқықтану);
3) Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университеті (экономика және қаржы).
Еңбек өтілі:
- 1992-2000 ж.ж. Салық органдарында инспектор, Салық аудит секторының меңгерушісі, бөлім басшысы;
- 2000-2008 ж.ж. ҚР ҚМ СК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төраға орынбасары;
- 2008-2010 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;
- 2010-2014 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің басшысы;
- 2014-2015 ж.ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
- 2015-2019 жылғы мамырына дейін Ақмола облыстық маслихатының төрағасы;
- 2019 -2022 жылғы 4 қыркүйекке дейін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы .
- 2022 ж. 5 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, атақтары
- "Парасат" Ордені
- «Құрмет» Oрдені;
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалдары;
- «Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» және «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгілері;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығы күніне орай Парламент Сенатынының «Құрмет грамотасы»


