
Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы
Асқар Тоқпанов ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы 15 мамыр 1983 жылы Алматы облысы, Күрті ауданы Ақши ауылында дүниеге келді. Ақши ауылының №8 орта мектебінде білім алды. 2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін аяқтаған.
2007 жылдың 28 мамырынан бастап «Іле аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы;
2012 жылдың 4 қаңтарына дейін «Іле аудандық экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіркелік бөлімі» ММ бас маманы;
2012 жылдың 11-ші маусымынан бастап, 2013 жылдың 20-шы наурызға дейін Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2013 жылдың 20-шы наурызынан бастап, 2013 жылдың 9-шы тамызға дейін Первомай кенттік округі әкімінің орынбасары;
2013 жылдың 9-шы тамызынан бастап 2019 жылға дейін Чапаев ауылдық округінің әкімі;
2019 жылдың 4-ші маусымынан бастап, 2021 жылдың 17-ші наурызға дейін Энергетический ауылдық округінің әкімі;
2021 жылдың 18-ші наурызынан бастап Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімі болып бүгінгі күнге дейін қызмет атқаруда.