
Өмірбаян
Богусбаев Қайсар Нұрболатұлы 1989 жылы 16 мамырда дүниеге келген. 2011 жылы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша, 2013 жылы Халықаралық Бизнес Университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Kaspi Bank» АҚ-да менеджер болып бастаған. 2013 жылдан 2016 жылға дейін «Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-де талдаушы болып жұмыс істеген, 2016 - 2018 жылдар аралығында «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман қазметін атқарды, 2018 - 2022 жылдар аралығында Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 19 қыркүйегінен Рахат ауылдық округінің әкімі.





