Рысбаев Есбол Тоққожаұлы

    Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі

    Рысбаев Есбол Тоққожаұлы
    Аким

    Рысбаев Есбол Тоққожаұлы

    Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Рысбаев Есбол Тоққожаұлы 1987 жылы 07 қазанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласының статистика департаменті ММ сауда статистикасы басқармасының бас маманы болып бастаған. 2014 жылдан 2016 жылға дейін "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің сауда статистикасы басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 13 маусымынан бастап Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері