
Куюшпаева Асель Сатыбалдиновна
Өтеген батыр ауылдық округінің әкім орынбасары
Өмірбаян
Куюшпаева Асель Сатыбалдиновна 1982 жылғы 17 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін құқықтану, салық құқығы мамандығы бойынша бітірген.
2023 жылы Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықаралық достық университетін бизнес және басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қалалық адвокаттар алқасында тағылымгер ретінде бастаған.
2004 жылғы 4 қарашадан 2005 жылғы 4 тамызға дейін Алматы қалалық адвокаттар алқасында тағылымгер болып қызмет атқарған.
2013 жылғы 1 наурыздан 1 маусымға дейін Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі «Іле көркейту» МҚК заңгер қызметін атқарған.
2013 жылғы 1 қарашадан 2014 жылғы 14 ақпанға дейін Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы міндетін атқарушы болып қызмет еткен.
2014 жылғы 14 ақпаннан 2016 жылғы 28 қарашаға дейін Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2016 жылғы 29 қарашадан 2021 жылғы 21 қыркүйекке дейін «Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 22 қыркүйектен 2024 жылғы 21 сәуірге дейін Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2024 жылғы 22 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
