Өмірбеков Талғат Алтынбекұлы

    БАРТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

    Өмірбеков Талғат Алтынбекұлы
    Аким

    Өмірбеков Талғат Алтынбекұлы

    БАРТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

    Өмірбаян

    Умербеков Талгат Алтынбекович 15 қазан 1965 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Малыбай ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. 1982 жылы Малыбай орта мектебін бітіріп, Алматы сәулет және құрылыс институтына оқуға түсті. 1984 жылы Алматы қаласы, Алатау аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге шақырылды. Әскерде №54983, №55190, №49710, №55168, №14114 әскери бөлімдерінде борышыy өтеді. Әскерден соң оқуын жалғастырып, сәулетші мамандығын иеленді. Үйленген.

    Еңбек жолын 1989 жылы Алматы облыстық атқару комитетінің сәулет және қала құрылысы бас жобалау шаруашылық бюросында, сәулетші лауазымынан бастады. 1991 –1996 жылдары Алматы облыстық атқару комитетінің Бас басқармасы жанындағы шаруашылық есептегі сәулет-өндірістік бюросында сәулетші, 1996 – 2005 жылдары облыстық жобалау-зерттеу жұмыстары басқармасы жанындағы Еңбекшіқазақ аудандық «Сәулет жоба» сәулетші, 2005 – 2007 Октябрь селолық округі әкім аппаратында бас маман, 2007-2008 Еңбекшіқазақ аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінде жетекші, бас маман, 2010- «Есік Геосәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында сәулетші қызметтерін атқарды. 2013 жылғы 7-тамызында өткзілген Еңбекшіқазақ ауданының ауылдық (селолық) округтері және Есік қаласы әкімдерін сайлау барысында Бартоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 2017 жылғы 8-тамызында өткізілген Еңбекшіқазақ ауданының ауылдық (селолық) округтері және Есік қаласы әкімдерін сайлау барысында Бартоғай ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері