
Саменов Берік Дәулеткелдіұлы
Көктөбе ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Саменов Берік Дәулеткелдіұлы 1979 жылдың 16 қазан айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1997 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылында "Ораз Жандосов" атындағы орта мектепті бітірді. 2002 жылы Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің қаржы және несие мамандығы бойынша оқуды аяқтады.
11.02.2008 - 17.06.2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық жөніндегі инспекторы
18.06.2009 - 04.10.2012 жылы Еңбекшіқазақ ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
04.10.2012 - 16.03.2022 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округі әкімнің орынбасары
2022 жылдың 16 наурыз айынан бастап "Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болып сайланды.
