Униспаева Венера Бигазиновна

    Бөлім басшысы

    Униспаева Венера Бигазиновна
    Руководитель отдела

    Униспаева Венера Бигазиновна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Униспаева Венера Бигазиновна 1976 жылы 09 маусымда Семей облысы, Жарма ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келді.

    1996 жылы Талдықорған заң колледжін құқық және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мамандығы бойынша, 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 26.02.1997 - 01.09.1999 жылдар аралығында Қарағанды облысы Приозерск қалалық халық сотының сот орындаушысы болып бастады.

    01.09.1999-25.04.2001 ж. аралығында Қарағанды облысы бойынша сот қаулыларын орындау жөніндегі Комитет Департаментінің Приозерск аумақтық учаскесінің сот орындаушысы лауазымында жұмыс атқарды.

    26.04.2001 - 01.02.2005 ж. аралығында Қарағанды облысы соттар Әкімшісінің Приозерск аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы лауазымында жұмыс атқарды.

    19.12.2007 - 24.12.2008 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы соттар Әкімшісінің Өскемен аумақтық учаскесінің сот орындаушысы лауазымында жұмыс атқарды

    24.12.2008-10.09.2010 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы соттар Әкімшісінің сот приставтарының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    19.10.2010-03.11.2014 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті ұйымдастыру-талдау жұмысы және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    03.11.2014-05.05.2016 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    05.05.2016-02.07.2017 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді есепке алу және бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    03.07.2017-31.07.2019 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау бойынша Курчатов аумақтық бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс атқарды

    01.08.2019-10.12.2019 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    11.12.2019-30.06.2022 ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    01.07.2022-11.08.2022 ж. Абай облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарды

    12.08.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері