Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы

    Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

    Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы
    Начальник

    Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы

    Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

    Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы 1975 жылы 3 ақпанда Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген.

    1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

    Білімі - өрт қауіпсіздігі инженері.

    Құқық қорғау органдарында 1992 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Қызметін Көкшетау облысы Щучье ауданының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы болып бастаған.

    Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

    Щучье ауданы ӨСБ мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы, аға инженері (31.01.1996-30.07.1999 ж. ж.)

    - Ақмола облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Ақкөл ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы (30.07.1999-15.12.2007 ж. ж.)

    - Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (15.12.2007-08.04.2015 ж. ж.)

    Абай облысы ТЖД бастығы қызметіне тағайындалмас бұрын Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды (08.04.2015 - 28.07.2022).

    Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды:

    - «Тәуелсіздікке 30 жыл» медалі ,

    - «Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Органдарының ардагері» медалі,

    - «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалі,

    - «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі медалі,

    - «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I дәрежелі медалі,

    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет грамотасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері