Қаипов Рауан Талғатұлы

    Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы

    Қаипов Рауан Талғатұлы
    Руководитель

    Қаипов Рауан Талғатұлы

    Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы

    Өмірбаян

    Қаипов Рауан Талғатұлы 1983 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген. 1990-2000 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы Абай атындағы орта мектепте оқыды. 2000-2005 жылдары Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақстан ұлттық техникалық университетінде инженер мамандығы бойынша білім алған. 2006-2008 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде заңгер мамандығы бойынша сырттай оқыды. 2011-2015 жылдары Қазақстан Алатау университетінің «Менеджмент және көлік» факультетінде құрылысшы мамандығы бойынша сырттай оқыды.

    Отбасылық жағдайы: үйленген, төрт баласы бар.

    • 2006-2008 жылдары Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Жансая-II» ЖШС-де мүлікті түгендеу маманы болып жұмыс істеген;
    • 2010-2011 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында «Жихан-бетон» ЖШС директоры болды;
    • 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, 2019 жылдың 07 наурызына дейін сол аудандағы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмысқа қабылданды;
    • 07.03.2019-06.08.2019 Алматы облысы Іле ауданының құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;
    • 23.02.2020-10.09.20 «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры қызметін атқарды.