
Берікбай Жанат Нұрбекұлы
Райымбек ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Өмірбаян
Мен Берікбай Жанат Нұрбекұлы 1977 жылы 27 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданы Нарынқол селосында дүниеге келдім. 1983 жылы Нарынқол ауданы Қаратоған ауылындағы Н. Өмірзақов атындағы орта мектепке 1 сыныпқа қабылданып, 1994 жылы аталған мектептің 11 сыныбын аяқтадым. 1994 жылғы 15 наурызда Жамбыл ауылындағы Н. Өмірзақов атындағы өндірістік кооперативінің мүшесі болып қабылданып, 1997 жылдың 20 шілдесінде өндірістік кооператив мүшелігінен босадым. 1997 жылдың 09 тамызында Қазақ мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсіп 2001 жылдың 19 маусымында экономика және менеджмент мамандығы бойынша оқуды аяқтадым.
18.12.2002-05.01.2005 жыл. Райымбек аудандық "Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы. Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы. 05.01.2005-01.02.2006 жыл. Райымбек аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы. 01.02.2006-28.12.2009 жыл. Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл селосы. 28.12.2009-12.08.2013 жыл. Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылы. 12.08.2013-28.05.2018 жыл. Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылы. 29.05.2018-бүгінге дейін Алматы облысы Райымбек ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.