Ерубаев Қанат Бахытбекұлы

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы

    Ерубаев Қанат Бахытбекұлы
    Төраға

    Ерубаев Қанат Бахытбекұлы

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы

    Өмірбаян

    Ерубаев Қанат Бахытбекұлы 1986 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы Михайловка ауылында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласында геолог лауазымынан бастады.

    2012–2017 жылдар аралығында геолог, II санатты геолог және I санатты геолог лауазымдарын кезең-кезеңімен атқарды. Кейіннен бас геолог және атқарушы директор қызметтерінде жұмыс істеді.

    2017 жылдан бастап «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығында еңбек етіп, мемлекеттік құпияларды қорғау және құпиясыздандыру, Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін есепке алу, геологиялық ақпарат және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бағыттарында инженер және бас менеджер лауазымдарын атқарды.

    2020–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жүйесінде Жер қойнауын геологиялық зерттеу басқармасының басшысы, кейін Геология және минералдық-шикізат базасын дамыту департаментінің Геологиялық зерттеу басқармасының басшысы болды.

    2023 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің Заң басқармасын басқарды.

    2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Персоналды басқару, құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары болды.

    2026 жылғы 29 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері