Әлімов Рүстем Жеңісұлы

    Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі

    Әлімов Рүстем Жеңісұлы
    Аким

    Әлімов Рүстем Жеңісұлы

    Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1976 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Есік педагогикалық колледжіне оқуға түсті.

    1996 жылы бастауыш сыныптарда сабақ беру мамандығы бойынша бітірді.

    2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, 2005 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

    1996-2003 жылдары А.Нүсіпбеков атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

    2003-2006 жылдары А.Нүсіпбеков атындағы орта мектепте ұйымдастырушы-педагог болып жұмыс істеді.

    2006-2008 жылдары С. Бейсембетұлы атындағы орта мектепте мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2008-2013 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

    2013-2021 жылдары «А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназия мен мектепке дейінгі шағын орталықтың» директоры болып жұмыс істеді.

    2021 жылдан 2023 жылға дейін Саты ауылдық округінің әкімі. 2023 жылғы 30 сәуірден бастап Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі