
Өмірбаян
Мен, Тилепбердиев Мұрат Алкожаұлы 1962 жылдың 22 шілдесінде Алматы облысы, Нарынқол ауданы , Қайнар ауылында дүниеге келдім.
1962 жылы Н.К. Крупская атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1979 жылы бітірдім.
1981 жылдың қарашасында Совет армиясы қатарына шақырылып, 1983 жылдың желтоқсан айында әскери қызметтен босадым.
1984 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтына оқуға түстім.
1989 жылы Алматы архитектура-құрылыс мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
1980 жылы Нарынқол ауданы, Крупская атындағы колхозда колхозшы болып жұмыс істедім.
1984 жылы Н.К.Крупская атындағы колхозда колхозшы болып жұмыс істедім.
1989 жылдың қыркүйек айында Н.К. Крупская атындағы колхозға құрылыс мастері болып тағайындалдым.
1993 жылдың наурыз айынан осы колхозға аға құрылыс инженері болып тағайындалдым.
1995 жылдың 1 сәуірінен колхоздың тарауына байланысты осы қызметтен босадым.
1996 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қайнар» А.Ш.Ө.К.-ке мүше болып қабылдандым.
2001 жылдың 10 тамызында «Қайнар» А.Ш.Ө.К. мүшесінен босадым.
2001 жылдың 1 маусымынан 2005 жылдың 25 мамырына дейін құрылыс шаруа қожалығының жетекшісі болып жұмыс істедім.
2005 жылдың 25 мамыр айынан бастап Қайнар селолық округінің жетекші маманы болып жұмыс істедім.
2010 жылдың 11 қарашасында штат санының қысқаруына байланысты жетекші маман қызметінен босадым.
2010 жылдың 1-ші желтоқсанында «Құрылыс» шаруа қожалығының мүшесі болып жұмыс істедім.
2014 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Құрылыс» шаруа қожалығы мүшесінен босадым.
2014 жылдың 29 қыркүйек айынан бастап Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс атқардым.
2014 жылдың 4 желтоқсанында Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметінен босадым.
2014 жылдың 4 желтоқсанынан бастап «Райымбек ауданының Құрылыс бөлімі ММ-сінің» басшысы болып қызмет атқардым.
2019 жылдың 6 қыркүйек айынан бастап Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының «Құрылымдық бөліміне» басшы болып тағайындалдым.
2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін «Құрылыс бөлімі ММ» нің басшылық қызметін атқарып келемін.