
Бисенов Марат Алдабергенович
№6 сайлау округі бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Бисенов Марат Алдабергенұлы – 1968 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді.
1975 жылы Қазақ ССР-нің 50 жылдығы (қазіргі Сырдария ауданының Н.Ильясов) атындағы кеңшарда №132 қазақ орта мектебіне барып,1985 жылы осы мектепті бітірді.
Отбасылы, 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.
Өзінің еңбек жолын 1985 жылы жұмысшы болып бастаған. 1985 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтына оқуға түсіп, гидромелиорация факультетінің инженер-гидротехник мамандығын алып шықты.
1995 жылдан 2003 жылға дейін Қызылорда су торабында басқарма бөлім бастығы болып қызмет атқарған.
2003 жыл мен 2006 жыл аралығында «Ақжарма» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.
2006-2008 жылдар аралығында «Қызылорда су шаруашылығы» ЕКМ «Ауданаралық каналдар жүйесі» кәсіпорнында директор болып қызмет атқарды.
2008-2011 жылдар арасында «Алуан-Ас» ЖШС-нің бас директорының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылдың қаңтар айында аудандық мәслихат депутатына сайланған. Қазіргі таңда «Ақжарма-2» ШҚ-ның төрағасы қызметін атқаруда. Осы қызмет барысында шаруашылықтың экономикасын көтеруде өз үлесін қосып, жақсы көрсеткіштерге жетуде өз ықпалын көрсетіп келеді.





