
Алтынбеков Қанат Дүйсенбекұлы
Бастықтың орынбасары
Өмірбаян
Алтынбеков Қанат Дүйсенбекұлы 1979 жылы 30 шілдеде Алматы облысында Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және 2009 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітіріп жоғары білімге ие болған. Диплом бойынша мамандықтары - инженер-электрик және құқықтану.
Отбасы жағдайы: үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Қызметті Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасы Текелі қаласының №24 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. 2010 жылдан бастап Көксу ауданы ТЖБ бастығы болып басшылық қызметтер атқарды. 2012 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ бастығы болып қызмет атқарды. 2014 жылы Алматы облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Кейіннен өз мансабын Алматы облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы болып жалғастырды. Азаматтық қорғау саласындағы апат тәуекелдерін төмендету және бақылау басқармасы бастығының орынбасары болды. 2019 жылдан бастап 2022 жылдың шілдесіне дейін Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарды. Ал 28.07.2022 жылдан бастап Жетісу облыстық ТЖД бастығының орынбасары болып тағайындалды.


