
Ағабек Серік Оспанұлы
Табиғатты қорғау бағдарламалары мен табиғатты пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1984 жылы 02 қыркүйекте туған.
2006 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. М.Х. Дулати Экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша, 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық - техникалық университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
- 2006 - 22.04.2007 ж.ж. - электр желісінің тексеруші маманы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;
- 22.04.2007 - 27.05.2007 ж.ж. -"Ағабек" шаруа қожалылығы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;
- 28.05.2007 - 15.09.2008 ж.ж. - КСМ-Құрылыс ЖШС-экологы, Тараз қаласы;
- 15.09.2008 - 04.12.2008 ж.ж. - Шу-талас экология департаментінің жетекші маманының м.а., Тараз қаласы;
- 04.12.2008 - 09.02.2009 ж.ж. - Шу-Талас экология департаментінің жиынтық-аналитикалық жұмыстар және құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Тараз қаласы;
- 08.04.2010 - 01.08.2012 ж.ж. - Шу-Талас экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы;
- 01.08.2012 - 22.10.2015 ж.ж. - Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологилық бақылау бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы;
- 23.10.2015 - 18.02.2018 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбылс облысы бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, Тараз қаласы;
- 19.02.2018 - 03.04.2018 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі бас маманының м.а., Тараз қаласы;
- 04.04.2018 - 24.12.2018 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы;
- 25.12.2018 - 30.12.2021 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы;
- 31.12.2021 - 27.07.2022 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы табиғат қорғау бағдарламаларын реттеу бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы;
28.07.2022 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы табиғат қорғау бағдарламаларын және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.





