
Заместитель прокурора
Мизанбаев Булат Өсерұлы
Астана қаласы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Б.Ө. Мизанбаев 1982 жылы дүниеге келген, Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.
Б. Ө. Мизанбаев прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Астаналық прокуратурада және Бас прокуратура Департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.
«Есіл», «Алматы» аудандары прокурорларының орынбасары, сондай-ақ қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы болды.
2018 жылдың сәуір айында елордада жаңадан құрылған «Байқоныр» ауданының бірінші прокуроры болып тағайындалды.
2020 жылдың маусым айынан бастап 2021 жылдың маусымына дейін Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
Бас Прокурордың 2022 жылғы 27 маусымдағы №116 бұйрығымен Б.Мизанбаев Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылдың қыркүйегінен - Астана қаласы прокурорының орынбасары.


