
Шүйкебаев Дінмұхаммед Кендебайұлы
Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Шүйкебаев Дінмұхаммед Кендебайұлы 1974 жылы туған.
1996 жылы Алматы автомобиль-жол институтын және 1999 жылы М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті (Астана) бітірген
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласының прокуратурасында бастаған.
2004–2013 жылдары Алматы қаласы Түрксіб, Алмалы және Бостандық аудандары прокуратураларының бейінді бөлімдерін басқарды.
2013 жылдан бастап прокуратураның аумақтық органдарында басшылық лауазымдарды атқарды:
- 2013–2017 жж. — Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының орынбасары;
- 2017–2021 жж. — Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры;
- 2021 жылдың қаңтар–мамыр айларында — Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры.
2021 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқарма бастығы болды.
2023 жылдан 2025 жылға дейін Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.
2025 жылдың соңында қызметін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің орталық аппаратында, оның ішінде Әскери департамент бастығының орынбасары лауазымында жалғастырды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен 2026 жылғы 12 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.


