
Темірбаев Айдын Жангелдіұлы
Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы
Өмірбаян
1986 жылы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2008 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша, 2015 жылы У. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқық бакалавры мамандығы бойынша, 2020 жылы Темірқазық институтын ақпараттық жүйелер бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Осы жылдар ішінде «БТА Банкі» АҚ Талдықорған филиалында маман қызметін атқарды.
Ақпараттық жүйелер әкімшісі.
«Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ мониторинг-талдау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің инженері.
Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі, бас маманы.
Алматы облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.
Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.
Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы.
Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылдың шілде айынан бастап Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып тағайындалды.