
Өмірбаян
1969 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Мамандығы – инженер-механик.
1969 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы – инженер-механик.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1986-1987 жылдары комсомол-жастар бригадасында бастаған. 1987-1989 жылдары КСРО
Қарулы Күштері қатарына шақырылып, Шкотово 17-дегі 34070 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.
1989 жылы Кеген «Сельхозэнерго» және Алғабас ҚАЖ-да электр монтеры болып жұмыс істеген.
1992-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінде взвод командирі,
кезекші бөлім бастығы, жол қозғалысы қауіпсіздігі арнайы бөлімшесінің аға инспекторы қызметтерін атқарған.
2006-2015 жылдары - «Шоқпар» ЖШС төрағасы. Райымбек аудандық мәслихатының IV-V шақырылымдарының депутаты
болып сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2015 жылдың 17 тамызынан бастап Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі.