
Өмірбаян
1972 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында дүниеге келген. «Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын» Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт мамандығы бойынша 1998 жылы үздік бітірген.1990-1992 жылдар аралығында әскер қатарында болды.
1993-1994 жылдары Республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы;
1994-1995 жылдары дене тәрбиесінің мұғалімі;
1996-2001 жылдары Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы;
2001-2008 жылдары С. Сауранбаев атындағы орта мектеп директорының оқу тәрбие жөніндегі орынбасары;
2008-2009 жылдары Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Сарыбастау филиалының жаттықтырушысы;
2009-2010 жылдары С. Сауранбаев атындағы орта мектеп директорының оқу тәрбие жөніндегі орынбасары;
2010-2014 жылдары Көксай орта мектебінің директоры;
2014-2019 жылдар аралығында Қақпақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.
2019 жылдан бастап Нарынқол ауылдық округінің әкімі болып қызмет етуде.
