
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Мәди Мұхитұлы 1996 жылы 21 сәуірде Алматы обласы Қаскелен қаласында дүниеге келген. 2018 жылы «Нархоз» университетін құқықтану мамандығын бітірген.
Мансап:
Құқықтану мамандығын тәмәмдағаннан кейін еңбек жолын Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында бастады.
2019 жылы – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы
2019 – 2020 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бас маманы
2020 – 2021 жж. – заңгер, «АкТас» ЖШС
2022 – 2023 жж. – «Qolday» ЖШС ( қазіргі Алматы қаласының бизнесін дамыту компаниясы) оператор, менеджер, жетекші менеджер, аналитик
2023 жж. – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы
2023 – 2024 жж. - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы
2024 – 2025 жж. – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының сауда бөлімінің бас маманы
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының инвестициялар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.



