
Өмірбаян
Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев 1984 жылы туған, білімі жоғары. Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжін «мемлекеттік тілде оқымайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті», Академик Жолдасбеков атындағы институтты «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Көксу ауданы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған.
Кейін Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдың тамызынан Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды.