
Сарабеков Ерболат Сарабекұлы
Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сарабеков Ерболат Сарабекұлы 1985 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін Ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Алматы Үздіксіз білім беру университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Есік қаласы әкімі аппараты ММ жетекші маманы м.а. болып бастады. 2010 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының білім беру бөлімінде спорт секторының жетекші маманы. 2012 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімінің ММ жетекші маманы. 2013 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімі ММ басшысы. 2022 жылдың шілдесінен бастап Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ-сі басшысының м.а.