
Сағындықов Бақдәулет Бақытұлы
Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1990 жылы 21 қаңтарда Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Қарасай батыр атындағы орта мектепте сегізінші сыныпқа дейін оқыды. Шамалған ауылындағы мектеп-гимназияны бітірген. 2007 жылдан 2011 жылға дейін ҚазҰТУ-да оқыған. Сәтбаевтың «Машина жасау» факультетінде «металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша білім алған. 2018-2020 жылдары Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
11.08.2014-30.06.2015 жылдары «Қарасай проект» ЖШС-де директордың орынбасары қызметін атқарған.
01.07.2015-29.04.2016 жылдары «Қарасай Құрылыс Сәулет» ЖШС-де «техник-жерге орналастырушы» лауазымында жұмыс атқарған.
28.06.2016-18.02.2019 жылдары «Қарасай Сәулет» ЖШС-де «техник» қызметін атқарған.
02.09.2019-31.12.2021 жылдары «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де бас маман қызметін атқарған.
31.12.2021-14.02.2022 жылдары «Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман қызметін атқарған.
15.02.2022 жылдан бастап «Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бөлім басшысы қызметін атқаруда.