
Оразова Бибігүл Айтжанқызы
Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
11 қараша 1966 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
1984-1985 жылдар аралығында Алматы қаласындағы байланыс училищесінде телеграфист мамандығын алған.
1987-1988 жылдар аралығында Семей финанс экономикалық техникумында сақтандыру мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген.
2004-2007 жылдар аралығында М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында экономист мамандығы бойынша жоғарғы білім алған.
Еңбек жолын 1985-1990 жылдар аралығында Әуезов аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясында инспектор, аға инспектор қызметінен бастаған.
1990 жылдың 29 маусымында осы лауазымнан ауысым тәртібімен 02.07.1990 жылдан 05.10.1991 жылға дейін Кеген аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясында экономист қызметін атқарған.
08.10.1991 жылдан 27.05.1997 жылға дейін Кеген аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалған.
31.07.1997 жылдан 05.01.2005 жылға дейін Райымбек аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
05.01.2005 жылдан 24.07.2007 жылға дейін Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғыз басты қарттарға үйден көмек көрсету бөлімшесінің бастығы болып тағайындалған.
24.07.2007 жылдан 28.11.2007 жылға дейін Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлімшесінің бас маманының міндетін атқарушы болып тағайындалған.
28.11.2007 жылдан 16.05.2008 жылға дейін Райымбек аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жоспарлау және бюджеттік бағдараламаларды орындау бөлімшесінің бас маманы қызметін атқарған
16.05.2008 жылдан 27.10.2016 жылға дейін Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, жоспарлау және бюджеттік бағадарламаларды орындау секторының меңгерушісі қызметін атақарған.
28.10.2016 жылдан 04.05.2018 жылға дейін Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде басшының орынбасары қызметін атқарған.
05.05.2018 жылдан 16.07.2018 жылға дейін Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінде Жұмыспен қамту секторының меңгерушісі қызметін атқарған.
17.07.2018 жылы Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.