Секенов Дастан Әбдіқадырұлы

    Бас әскери прокурор

    Секенов Дастан Әбдіқадырұлы
    Прокурор

    Секенов Дастан Әбдіқадырұлы

    Бас әскери прокурор

    Өмірбаян

    Секенов Дастан Әбдіқадырұлы 1975 жылы Қазақ КСР-інде дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік заң институтын, академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

    «Экономика және бизнес бакалавры», «Бизнес әкімшілігі магистрі» және «Мемлекеттік менеджмент магистрі» дәрежелеріне ие.

    Әділет генерал-майоры.

    «Құрмет» орденімен, басқа да мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы бастады.

    Ретімен Алматы қаласының аудандық прокуратураларында және қалалық прокуратурасында лауазымдарды атқарған.

    2001 жылдан бастап Бас әскери прокуратурада қызмет атқарды.

    2009 жылдың қазанында Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры лауазымына тағайындалды.

    2014 жылдан 2021 жылға дейін Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер министрлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қызмет істеді.

    2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілдесіне дейін – Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

    2022 жылдың шілдесінде Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері