
Есмағұл Ілияс Ізімғалиұлы
ҚР МАМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Есмағұл Ілияс 1989 жылы туған.
Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетті бітірген (бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры).
Еңбек жолын 2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ат. аудан әкімдігінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің бірқатар құрылымдарында жұмыс істеді.
Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінде жобаларды дамыту басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2019-2022 жж. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасының басшысы болды.

