
Мақанов Берік Қайырбекұлы
Көкшетау қаласы мәслихаты аппаратының басшысы
Өмірбаян
1979 жылы 12 қарашада Көкшетау қаласында дүниеге келді. 1994 жылы ұлттық себептерге байланысты Шалабаев тегін Мақанов деп өзгертті. 1996 жылы Көкшетау техникалық лицейін бітіргеннен кейін Көкшетау мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітіріп, 2000 жылы экономист-бухгалтер біліктілігін алды.
1998 жылдан бастап Көкшетау қаласында "Дезинфекция" АҚ бухгалтері болып жұмыс істеді, 2000 жылы ҚР Қарулы Күштер қатарына шақырылды, Қостанай ОВК қатардағы жауынгер болып қызмет етті. 2001 жылы Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы "Бесқарағай" ЖШС бухгалтер болып қабылданды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Көкшетау қаласындағы "Дезинфекция-Көкшетау" ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс істеді, сондай-ақ 2003 жылдан 2006 жылға дейін А. Мырзахметов атындағы университетінде заңтану бакалавры біліктілігін алды. 2004 жылдан бастап Мемлекеттік қызметке Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманының м.а., кейін бас маманы болып орналасты. 2004 жылдан 2007 жылға дейін Көкшетау қаласы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2007 жылы Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. 2008 жылы "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ұйымдастыру-бақылау секторының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.
2008-2010 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маман-инспекторы болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары-Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2011-2014 жылдары-Ақмола облысының статистика департаменті ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының басшысы болды.
2014 жылы-Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Зеренді аудандық филиалының директоры болып тағайындалды.
2014-2016 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көкшетау қаласы мәслихаты аппаратының басшысы болып қызмет атқарады.
