Ноғайбаев Жеңіс Құсаинбайұлы

    Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Ноғайбаев Жеңіс Құсаинбайұлы
    Руководитель отдела

    Ноғайбаев Жеңіс Құсаинбайұлы

    Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1975 жылы 9 мамырда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Прямой путь ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Л.Толстой атындағы орта мектепті бітірген. 2006 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясында кеден ісі мамандығы бойынша бітірген.
    2014 жылы Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясында қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек өтілі 1990 жылы басталды. 1990-1993 жылдары Прямой путь ауылындағы Әуезов ауданы әмбебап сауда көкөніс базасында жұмысшы болып жұмыс істеген. 1993-1995 жылдары №6638 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. 1995-1997 жылдары Авангард ауылындағы «Алатау» ЖШС экспедиторы , 1998 жылы «Мереке» ЖШС жүргізуші, 1998 жылдан 2002 жылға дейін жеке кәсіпкер, 2004 жылдан 2007 жылға дейін Алматы қаласы әуежайында жүк тасымалдаушы, 2009 жылы Ұмтыл ауылдық округі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы, 2009 жылдан 2011 жылға дейін. Ұмтыл ауылдық округі аппаратының жетекші маманы, 04.07.2011 жылдан 20.12.2011 жылға дейін Қарасай ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінде бас маман, 20.12.2011 ж. 22.04.2014 ж. Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 22.04.2014 ж. бастап 18.07.2014 ж. дейін Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі сектор меңгерушісінің м.а., 18.07.2014 ж. бастап 08.09.2018 ж. дейін Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, 09.08.2018 – 01.01.2022 ж. Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы. 05.01.2022 жылдан бастап қайта құрылған Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері