
Калыгулова Нурсулу Бексултановна
Текелі қалалық мәслихаты VIIІ шақырылымының депутаты
Өмірбаян
1965 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Алматы облысы, Қаскелен ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетіне оқуға түсіп, оны 1988 жылы бітірген.
Педагогикалық еңбек жолын Алматы қаласы №138 мектептен бастаған.
1989-1999 жылдар аралығында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылының орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған.
2000 жылы Текелі қаласы №5 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
2003 жылдан бастап аталған мектепте педагог -ұйымдастырушы қызметін жүргізген.
2006 жылы осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
2009 жылы директордың әдістемелік ғылыми ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды.
2011 жылы Текелі қаласы №3 балабақша әдіскері.
2013-2021 жыл аралығында Текелі қаласы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.
Қазіргі таңда Текелі қаласы №1 орта мектеп директоры болып қызмет атқарады.
Тұрмыста, Үш баласы бар.





