
Бекиев Қайрат Ботайұлы
Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Бекиев Қайрат Ботайұлы 1968 жылдың 18 мамырында Талдықорған облысы Гвардия ауданы Қоғалы ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Гуманитарлы-экономикалық колледжді бітіріп, қаржы мамандығын алды.
2016 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясын сырттай оқып, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алды.
1985-1986: Қоғалы совхозы жұмысшы. Гвардия ауданы Қоғалы ауылы
1986-1988: Совет Армиясы қатарында әскери борышын атқарды
1988-1989: Голубиновка, Қоғалы совхоздарында жүргізуші. Гвардия ауданы Қоғалы ауылы
1989-1992: Гвардия аудандық тұтынушылар қоғамында, сауда саласында жүргізуші – механик. Гвардия ауданы Қоғалы ауылы.
1992-1993: Гвардия аудандык әкімшілік Аппаратында жүргізуші. Гвардия ауданы Қоғалы ауылы.
1993-1998: «Қарлығаш» жеке шағын кәсіп орнында жабдықтаушы, инженер. Гвардия ауданы Қоғалы ауылы
1998-2004: Жеке кәсіпкер .Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы
2004-2021: «Мади» жеке шаруашылығының төрағасы. Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы
Кербұлақ аудандық мәслихатының V,VI, VII, VIII шақырылымдарының депутаты 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы.
Үйленген, 2 баласы бар.


