
Өмірбаян
2000-2005 жылдары Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің «биотехнология және селекция», 2006-2008 жылдары «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2006 жылдың маусым айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласында «№1 Сыразауыты» АҚ-ның сауда агенті жұмысынан бастаған.
2007-2009 жылдың ақпан айына дейін Талдықорған қаласындағы «Электрқуаты» ЖШС-гінің инженер ПТО қызметін атқарған.
2009-2010 жылдары Балқаш аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары Балқаш аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, 2011 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың наурыз айына дейін Балқаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.у.а., 2012-2014 жылдары Балқаш ауданы әкімі аппаратының кадр, ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, 2014 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың тамыз айына дейін Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы, 2016-2019 жылдары Балқаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Балқаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Балқаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, 2022 жылдан бастап осы күнге дейін Балқаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.