
Нұрқасымов Еркін Ерденұлы
Іле ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1985 жылы 21 қарашада дүниеге келген. 2011 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдады. Мамандығы - құрылыс.
Еңбек жолын Алматы облысы Іле ауданының жерге орналастыру және қорғау инспекциясының бас маманы болып бастады.
2007 жылдың сәуір айынан бастап - Алматы облысының жерге орналастыру орталығының Іле ауданы бойынша инспекторы.
2008 жылдың қараша айынан бастап - Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын жөндеу және пайдалану бөлімінің бас маманы.
2010 жылдың желтоқсан айынан бастап - "Жастар спорт сарайы" МКҚК-ң директорының орынбасары.
2012 жылдың наурыз айынан бастап - Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
2014 жылдың сәуір айынан бастап - Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
2015 жылдың мамыр айынан бастап - Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2018-2021 жылдары - Іле ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап - "Іле ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы.