Федина Вера Геннадьевна
Алматы қаласы Экономика басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Туылған күні, жылы - 1975 жылғы 8 қыркүйек
Туылған жері - Рязань обласы, Новомичуринск қаласы.
Білімі - Жоғары
2001 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті;
2020 жыл – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
2002 ж. 01.02. бастап 2005 ж. 31.01. аралығында - Павлодар облысы Қаржы басқармасының әдіснама, жергілікті бюджеттерді жинақтау және талдау бөлімінің бас маманы;
2005 ж. 01.02. бастап 2011 ж. 19.10. аралығында - Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әдіснама және бюджеттік саясат бөлімінің бас маманы;
2011 ж. 20.10. бастап 2013 ж. 13.11. аралығында - Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының материалдық өндіріс салаларының шығыстарын жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2013 ж. 14.11. бастап 2014 ж. 20.07. аралығында - Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының материалдық өндіріс салаларының шығыстарын жоспарлау бөлімінің басшысы;
2014 ж. 21.07. бастап 2022 ж. 31.05. аралығында - Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік инвестицияларды жоспарлау бөлімінің басшысы;
2022 ж. 01.06. бастап - 2024ж. 01.02. - Алматы қаласы Экономика басқармасының талдау және болжамдау бөлімінің басшысы.
2024ж. 01.02. бастап - қазіргі уақытқа дейін - Алматы қаласы Экономика басқармасы басшысының орынбасары.


