
Оспанбеков Медеу Айдарханұлы
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Оспанбеков Медеу Айдарханұлы 1991 жылғы 25 мамырда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін 2013 жылы «Құқықтану» және 2016 жылы «Информатика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Жамбыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жөндеуші болып бастаған.
2011 - 2013 жылдары «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің инспекторы;
2013 - 2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2015 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлық қоғамының бизнес аналитигі;
2016 - 2019 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;
2019 - 2024 жылдары Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы;
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған;
2025 жыл 14 шілдесінен бастап Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.



