
Рахимбаев Рамиль Ерсінұлы
«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Рахимбаев Рамиль Ерсінұлы
«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Рахимбаев Рамиль Ерсінұлы 1992 жылы Алматы облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2017–2019 жылдары Халықаралық білім беру корпорациясының Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Талдықорған қаласының Ақпараттық технологиялар басқармасында инженер болып бастаған.
2019 жылы «Талдықорған Көркейту» ЖШС-де жетекші маман қызметін атқарған.
Әр жылдары «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бас маман және сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарған.
2026 жылғы 15 маусымнан бастап «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.



