
Файзуллаев Жеңісбек Исламұлы
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің басшысы
Өмірбаян
Файзуллаев Жеңісбек Исламұлы 1992 жылы 9 мамырда Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде дүниеге келді.
2011 жылы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агро-техникалық колледжін техник құрылысшы мамандығы бойынша бітірген;
2014 жылы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Темирлан проект» ЖШС-гі директорының орынбасары қызметінен бастаған.
2012 - 2015 жж. - Қызылорда қаласы әкімдігі «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нің инженері қызметін атқарды;
2015 - 2016 жж. - Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс бөлімінің бас инспекторы;
2016 - 2022 жж. - Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы;
2022 жылғы наурыз-қараша - Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы;
2022 - 2024 жж. - "Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ басшысы.
2024 жылғы 29 мамырда Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық құрылыс бөлімі " КММ басшысы лауазымына тағайындалды.





