
Тлекқабылов Нұрберген Байсерікұлы
Жаңақала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Тлекқабылов Нұрберген Байсерікұлы – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында 1997 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
2019-2021 жж. Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы және бас маманы (Жаңақала ауданы. Батыс Қазақстан облысы);
2021-2022 жж. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімі аппаратының бас маманы (Жаңақала ауданы. Батыс Қазақстан облысы);
2022-2025 жж. Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы (Жаңақала ауданы. Батыс Қазақстан облысы).
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы





