
Өмірбаян
Туған күні, айы, жылы: 28.10.1981ж Туған жері: Қостанай облысы; Жангелдин ауданы; Торғай ауылы Меңгерген тілдері:Қазақша, орысша Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 2004 жыл - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Мамандығы - " ӘАС экономика және менеджмент "
Аудан аумағында Қазақстан Республикасы Заңдарының,
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады,
облыс әкімі аппаратымен, облыс және аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің басшыларымен ауданның халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты болады.
Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Мансап
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің маманы (28.08.2004-22.09.2004)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің жетекші маманы (22.09.2004-05.01.2005)
- Қостанай облысыЖангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (05.01.2004-27.07.2005)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімінің есеп беру және есеп жүргізу бөлімінің бас маманы (27.07.2005-04.01.2006)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының қаржы бөлімінің бас маманы (04.01.2006-30.04.2010)
- Қостанай облысыЖангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы (30.04.2010-01.04.2013)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы (01.04.2013-06.11.2013)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы (06.11.2013-18.12.2013)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (18.12.2013-27.03..2019)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімнің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары (28.03.2019-31.08.2020)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (31.08.2020-24.12.2024
- Жангелдин ауданы әкімі (25.12.2024жылдан бастап)
Жұмысын үйлестіреді:
Аудан әкімі орынбасарларының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің.
Қызметтеріне басшылық етеді:
аудан әкімдігінің;
аудандық бюджеттік комиссияның;
аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;
аудан әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының.
Жетекшілік етеді:
«Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне.
Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады
Жангелдин ауданы прокуратурасымен;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Арқалық қалалық бөлімімен;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен;
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментімен;
Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасымен;
Заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.



