Калиновский Николай Васильевич

    Текелі қалалық мәслихатының хатшысы

    Калиновский Николай Васильевич
    Председатель маслихата

    Калиновский Николай Васильевич

    Текелі қалалық мәслихатының хатшысы

    Өмірбаян

    1958 жылы 15 тамызда Алматы облысы Ескелді ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген.

    1975 жылы Ескелді ауданы Қаратал ауылында орта мектепті бітірген.

    1977-1979 жылдар аралығында ССР Қарулы күштерінде Забайкальский әскери округінде әскери борышын өтеген.

    1989 жылы Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникумының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 2000 жылы Мәскеудің мемлекеттік сервис университетінің «Менеджмент» мамандықтары бойынша, 2006 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының «Заңтану» бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді.

    Еңбек жолын 1975 жылы Алматы облысы, Текелі қаласында Жоңғардың геологияныбарлау экспедициясында жұмысшы болып бастаған.

    1976 жылы аталған экпедицияда жүктиеуші, 1979-1988 жылдар аралығында жүргізуші, 1988-1991 жылдарда механик болып қызметтер атқарды.

    1991 жылы Текелі қалалық автокөлік цехында бас механик болды.

    1991-1997 жылдар аралығында Текелі қалалық автокөлік цехының бастығы міндетін атқарды.

    1997-1999 жылдар аралығында Текелі қаласының «Регион» ЖШС бастығы болды.

    1999 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін Текелі қаласының «Құрылыс бөлімі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» МКК бастық қызметін атқарды.

    1999 жылдың мамыр және қараша айлары аралығында Текелі қаласының «Регион» ЖШС-нің бастығы болды.

    1999 жылдын қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Текелі қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері