
Маукулов Нурлан Уразбекович
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, басшы
Өмірбаян
Маукулов Нурлан Уразбекович, 1980 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, стандарттау және сертификаттау жөніндегі инженер, экономист, пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен барлау ісі бойынша техника және технология бакалавры.
Білімі:
1995–1999 жж. – Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, техник-механик.
1999–2003 жж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, стандарттау және сертификаттау жөніндегі инженер.
2003–2006 жж. – Қарағанды экономика, басқару және құқық университеті, экономика бакалавры.
2014–2017 жж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау ісі, техника және технология бакалавры.
Отбасылық жағдайы: үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолы:
Еңбек қызметін 1998 жылы бастады.
08.04.1998 – 30.11.1998 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Балқаш тау-кен металлургия комбинатының асыл металдар зауыты аффинаж цехында газ тазалау аппаратшысы.
05.08.1999 – 01.12.2002 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» АҚ асыл металдар зауытының шлам цехында 3-разрядты гидрометаллург аппаратшысы, Балқаш қ.
01.12.2002 – 22.05.2003 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» АҚ мырыш зауытының гидролитикалық тазалау цехында 4-разрядты гидрометаллург аппаратшысы, Балқаш қ.
05.06.2003 – 08.01.2004 жж. – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Қарағанды филиалының Теміртау қаласы бойынша тауарлардың шығу тегін сертификаттау секторының маманы, Теміртау қ.
08.01.2004 – 11.09.2006 жж. – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ тауарлардың шығу тегі және өнімнің сәйкестігін растау бөлімінің маманы, Қарағанды қ.
13.09.2006 – 14.01.2008 жж. – Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесінің тау-кен металлургия кешені бөлімінің бас маманы.
14.01.2008 – 15.01.2009 жж. – Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесінің индустриялық-инновациялық саясат және сапа стандарттарын енгізу бөлімінің бас маманы.
16.01.2009 – 29.05.2009 жж. – Шахтинск қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.
02.06.2009 – 23.08.2010 жж. – Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мемлекеттік мекемесінің сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар бөлімінің бас маманы.
24.08.2010 – 10.11.2017 жж. – Қарағанды облысының Өнеркәсіп және индустриялық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлімінің басшысы.
10.11.2017 – 19.04.2019гг – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті „Орталыққазнедра“» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары, Қарағанды қ.
19.04.2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қарағанды қ.
