
Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмешіт ауылында туған. Ұлты – қазақ.
Білімі:
Жоғары. «Тұран-Астана» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімі аппаратында іс жүргізуші болып бастаған. Әр жылдары аталған аппаратта бас маманның міндетін атқарушы, бас маман қызметтерін атқарды.
Кейін Целиноград ауданы кәсіпкерлік бөлімінде, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2018–2023 жылдары Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болды. Әр жылдары аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2025 жылғы 18 ақпаннан бастап Целиноград ауданы әкімінің орынбасары болды.
2026 жылғы 6 наурыздан бастап Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.





