Мұсабаев Ерлан Жанәділұлы

    Директор

    Мұсабаев Ерлан Жанәділұлы
    Директор

    Мұсабаев Ерлан Жанәділұлы

    Директор

    Өмірбаян

    2004-2008 ж.ж. Астана қаласының Көлік және коммуникациялар колледжі.

    2009-2013 ж.ж. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.

    2016-2017 ж.ж. University College London

    2008-2009 ж.ж. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана қаласы УПЧ-17 Астана жол дистанциясының жол монтері (техник-жолшы).

    2013-2018 ж.ж. Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ Тергеу бөлімінің мүлікке қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеушісі, жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі аға тергеушісі.

    2018 ж. Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасының жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеушісі.

    2018-2019 ж.ж. ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің Ұйымдастыру-талдау бөлімінің аға инспекторы, Кадр саясаты департаментінің Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

    2019-2022 ж.ж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

    2022-2023 ж.ж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің арбитражға дейінгі реттеу басқармасының басшысы.

    2023-2026 ж.ж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары.

    2026 ж. – осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері